Начинайте искать

Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 07 октября 2013 на вопрос от 21 сентября 2013 №222790

Құрметті, Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов мырза! Сізге өтініш жазудағы себеп: ҚР азаматтығын алуда шеттен келген қаракөз қандастарға қиындық туып отыр. Оның шет жағасын өзіңіз де естіп біліп отырған шығарсыз. ҚР азаматтығын алуда бүгінде (ұлты қазақ шетел азаматтарынан тұрғылықты елінің азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама талап етілуде). Бұл құжатты алу мүмкін емес. ТМД елдерінде алуға болар. Алайда, Қытайдан бұл құжатты алуға кедергі шаш етектен...Біріншіден;Қытай үкіметі шетел азаматтығын алыуға өтініш білдірген өз азаматтарынан шетелде тұрғылықты уақытының 3 жылдан асқан аспағандығын қадағалайды. әрі осы негізде өтініштерін ҚХР Ұлттық қауіпсіздік ұйымының арнайы тексеруіне жібереді. Олар жеке тұлғаның тәртібін тексергесін соң барып бұл құжатты беруге рухсат береді екен. Сонда атамекенге келген қандастарымыз ҚР азаматтығына талап етіп отырған аталмыш құжатты Қытайдан үш жылдан соң ғана ала алады. Сонда үш жылға дейін ҚР азаматтығына құжат тапсыра алмайды деген сөз.


Категория: Письма МТСЗН РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ