Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 20 ноября 2013 на вопрос от 30 сентября 2013 №224125
Құрметті Тамара Босымбекқызы! Мен, Асетова Айгерім Рымбекқызы 1983 жылдың 13 маусымында туылғанмын. Сізге хат жазуға мәжбүрлеп отырған мәселе баспанаға қатысты. Мен жалғыз басты, көп балалы анамын (Әсетов Ілияс 17.11.2004 жылы туылған, Кәукарбек Шұғыла 19.09.2007 жылы туылған, Искаков Тамерлан 28.03.2009 жылы туылған, Ысқақ Ислам 07.04.2011 жылы туылған). Мен бұған дейін Қарқаралы ауданында тұрдым, бірақ күн көріс мәселесі қиын болғандықтан Қарағанды қаласына келіп, Майқұдық ықшам ауданына тіркеуге тұрып, Қарағанды қаласы бойынша тұрғын үй кезегіне "толық емес отбасы және "жалғыз басты ана санаты бойынша тіркеуге тұрдым. Жұмыссызбын. Бірақ екі жоғарғы білімім бар. Біріншісі Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ін "әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей Университетін "заңгер мамандығы бойынша білім алдым. Сіздің бастамаңыз бойынша іске қосылып, бүгінгі таңда өңірлерге табысты жұмыс істеп жатқан "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында "Қарағанды қаласының Октябрь аудандық жұмыспен қамту орталығы КММ-сі арқылы жұмыссыз ретінде жұмысқа тұрып үй алуға әрекет жасап көрдім. Бірақ нәтижесіз. Өйткені бағдарлама шарты бойынша мен Қарағанды қаласында 3 жыл тиісті мекен-жай бойынша тіркеуде тұрым керек. Басымда баспанам жоқ, үш баламен мені кім тіркеуге тұрғыза қойсын.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ