Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 16 октября 2013 на вопрос от 02 октября 2013 №224658
Құрметті Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрі! Сіздің назарыңызға мемлекеттік органның тарапынан орын алып, қатты наразылық туғызып отырған еңбек дауының шиеленіскен жағдайын ұсынып, шешілуіне көмектесуіңізді өтінемін. Мемлекеттік функция орталық органнан жергілікті органға өтуіне байланысты бірқатар штат қысқаруға түсті, бірақ артында "қорғаушылары" бар адамдарға тезінен басқа жұмыс орны ұсынылып, қалған бір адамды ғана, төрт балалы, бесіншіні күтіп отырған отбасының асыраушысын қыспаққа алып өз бетінше өтініш жазбаса, сөгіспен шығаратындары туралы әзіл ретінде айтылуда. Егер министрлік тарапынан осындай заң бұзушылық орын алып отырса, соттасуға уақыты жоқ, отбасындағы шиеттей бала мен қарт анасын асырауға тиісті адам кімге жүгініп, әділеттілік таба алады? Құрметпен шиеленістанушы, медиатор Ғазизат Оспанқызы
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ