Начинайте искать

Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 29 октября 2013 на вопрос от , 23 октября 2013 №228066

Сәлеметсіз бе, Құрметті министр ханым! Мен Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны Исатаева Еркебай мектепте қызмет жасағаныма 20 жылдың жүзі болды. Осы уақытқа дейін тұрғын үй алуға ешқандай мүмкіндігім жоқ. Олай дейтін себебім, өзім болсам жалғыз басты анамын. 3 бала және 1 немеремді келін тәрбиелеп отырған жайым бар. Қазіргі таңда 2 студент балаларымды ақылы түрде оқытып отырмын. Өтінішімнің басты себебі, Елбасы бағдарламасы "Қолжетімді баспана-2020" бағыты бойынша біздің ауданымызда да 2009 жылдан бастап Тұрғын үйлер бой көтере бастады. Осы тұрғын үйге менде 2011 жылы арызымды жазып кезекке тұрдым. Сол уақыттан бері міне 3 жыл болды сол тұрғын үйге қол жеткізе алмай келе жатырған анамын. Баспанасыз жүргеніме 13 жыл болды, пәтерден-пәтерге көшуден шаршасам бұл бір, екіншіден акім ағалардың есігін жағалаудан шаршап кеттім. Тұрып жатқан пәтерімді жақында үй иесі саудаға қойып сатып жіберді, мен тағы да қаңғырып үйсіз жүрмін.Сонда аса мұқтаж үйсіз жүрген мен сияқты адамдарға бұл үйден берілмей ала алмай қаңғырып жүргенде, үстінде баспанасы бола тұра сол баспананы сатып ,осы үйден үй алған адамдар бар.


Категория: Письма МТСЗН РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ