Начинайте искать

Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 05 ноября 2013 на вопрос от 28 октября 2013 №228994

Сәлеметсіз бе, Құрметті министр мырза! Мен Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғыны Исатаева Еркебай мектепте қызмет жасағаныма 20 жылдан аса жыл өтті. Осы уақытқа дейін тұрғын үй алуға ешқандай мүмкіндігім жоқ. Өзім болсам жалғыз басты анамын. 3 бала және 1 немеремді келінімді тәрбиелеп отырмын. 2 студент балаларымды ақылы түрде оқытып отырмын. Елбасы бағдарламасы "Қолжжетімді баспана - 2020" бағыты бойынша тұрғын үй алуға ауданымызда 2010 жылдың сәуір айында арыз жазып кезекке тұрдым Сол уақыттан бері міне 3 жылдан аса уақыт кетті, аудан әкіміне, аудандық "НұрОтан" ХДП-ның оынбасары А.Жолановқа, аудандық мәслихат депутаты К.Данабаевқа да жағдайымды айтып жазбаша(ауызшада) өтінішімді білдірдім. Менің бір ренжитін жағдайым осы уақытқа дейін осы бағдарлама басталғаннан бері ауданда 30 жуық үй берілді. Осы үйлерден маған тиесілі бір үй ала алмадым. Баспанасыз жүргеніме 13 жыл болды. Қазіргі таңда қаладағы мектепте бала тәрбиелеу жолында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарғаныма 17 жыл болды. "НұрОтан"ХДП-ның мүшесімін. Елбасын сайлауда талай мәрте өз үлесімді қосып келемін.


Категория: Письма МТСЗН РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ