Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 06 ноября 2013 на вопрос от 29 октября 2013 №229189
Құрметті министр!Мен 51 жыл бойы екі тозақтың ортасында орналасқан Қазалыда (Қызылорда облысы) өмір сүріп келемін.Қазалы халқы солтүстігінде кепкен Арал теңізі ұлтанынан ұшқан тұзды шаң мен оңтүстігінде Байқоңырдан ұшырылып, жарылған ракеталардың уының зиянын көріп отырмыз.Жеріміздің беті аппақ,тұзды сор.Өзіңіз де хабардар боларсыздар,биыл 4 шілде күнгі пропан ракетасының жарылуынан 600 тонна улы гептилдің ауада жарылғанын.Гептил ғалымдардың айтуынша ,аймақ халқын қатерлі ісік,ақ қан ауруларына әкеліп соқтырады.Осы экологиялық апат аймағындағы халық жасы зейнет жасына толмастан 50 жастан қайтыс болып кетіп жатыр.Менде зейнет жасына жете алатыныма күмәндімін.Экологиялық апат аймағында тұратын бізге жеңілдікпен өз қалауы бойынша зейнетке шығу қарастырылмай ма?Мен биыл 30-жыл мұғалім болып жұмыс істеймін,жоғары санатым бар,Кембридж Университеті даярлаған 1-деңгей мұғалімі курсын бітірдім.Егер сертификатын алсам (ол біз тапсырған тест қорытындысы бойынша 2 аптадан соң белгілі болады) жалақым 100 % көбейеді.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ