Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 19 ноября 2013 на вопрос от 12 ноября 2013 №230415/1
саламатсызба, жұмысыңызда табыс, отбасында береке тилеймин. Менин сизге қоятын мәселем баспана мәселесі. Қазір мен отбасыммен 5 аудан деген жерде тұрып жатырмын. шынына келсем тұрып жатқан үйімнің һалі мүшкіл. кішкентай немерем келінім, баламмен бірге тұрамын. Баспанамыз қаланың сыртында, өте қолайсыз жерде орналасқан.біздің ауданға автобус мүлдем қатынамайды, жылы су, ауыз су атымен жоқ, суды 3 шақырым жердегі колонкадан арбамен тасимыз. Су таза емес. қыста көмір жағамыз, сол көмірді алатын ақшада жоқ. немерем мектепке бару үшін қаншама баздарды, өндірістік кәсіпорындарды айналып өтеді. Кейде мектепке бара алмай қалады. қыста тіпті мектепте бару қиын. Жолда біреу-міреу қастандық жасап кетпесе деп қорқамын. тіпті осыдан бір жыл бұрын жергілікті әкімшілік біздің ауданда тұру заңсыз деп, әділет басқармасына есепке тұрғызбай қойды. яғни немерем пропискасы жоқ, туысқандарға уақытша жазып қойып кейін шығарып жіберді. себебі пропискасыз мектепке алмады.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ