Ответ министра труда и социальной защиты населенияот 15 марта 2013 на вопрос от 22 февраля 2013 №189964
Мен, 1936 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ ауыл советіне қарайтын Ленин атындағы колхоздың Аюбек деген бөлімшесінде тудым. Кейін 50-ші жылдары колхоздар ірілендіріліп "Дружба" совхозы болып,мекен-жайы бұрын "Атасу" колхозы болған елді мекенге ауысып кетті. Аюбекте ел қалған жоқ. 1954 жылы тыңға байланысты ол аймақ жыртылып кеткен. 1955-1960 жылдары Қарағанды педагогикалық институтының күндізгі бөлімінде оқуда болдым. Әке-шешемнің жоқтығына байланысты Талдыбұлақ ауыл советінен алған Анықтама қағазым бар. Онда колхоздың мүшесі екендігім анық жазылған. Соғыс жылдары, осы қағаздан басқа, еңбек еткендігімді дәлелдейтін тірі куәлер қазір жоқ. Көзі көрмейтін, тоқсанға келіп қалған, мені білетін кейуана анамыздың куәгер болуының арқасында зейнетақыма 2900 теңге қосып берді. Оған рахмет. Бірақ менің сұрағым: неге менің еңбегім "Труженик тыла" деген статусты алуға лайық емес?. Кейінгі жиырма жылдай шамасы Қарағанды қаласында түрамын. Мен қатарлы азаматтар, тіпті 1937,1938,1939 жылғы азаматтардың да "Труженик тыла" деген куәліктері бар екендігін көрдім. Осы мәселені шешуге бола ма?Сәлеммен Ошақбай Суханберлин
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ