Ответ министра труда и социальной защиты населения от 14 мая 2013 на вопрос от 13 марта 2013 №193097
Кеше,БАҚ тан әйелдерге зейнетке шығу жасын "58 ден 63ке апару керек деген",-сіздің хабарламаңызды естідік. Сол сөзіңізді естіген бетте жүрегім ұстап қалды. Біз бұл уақытты -зейнетке шығу жасын өмір бойы күтіп келген едік.Арманымыз тас-талқан болды. Біздер,әйелдер, өмірге ұрпақ әкелдік- сол үшін түн ұйқымызды төрт бөлдік, өсірдік, өндірдік. Әрбір бала туғанда кемі 3 жылдан үйде отырдық, төрт бала үшін- 12жыл . Біз өсірген бала болашақ еліміздің маманы, министрі, қызметкерлері, т.б.Ең болмаса осы жылдарды есептеп, зейнет жасын азайтуларыңыз керек еді, өсірудің орнына. Біле білсеңіздер бала өсіру ерен еңбек,шыдамдылық талап етеді. Ендігі уақытта сіздер біздерді аялауларыңыз керек, жүрегімізге уайым салмай.Көршілес Ресей елінде әйелдер 55 жаста зейнетке шығады, халқының саны бізден он есе артық болсада. Біздерді ертерек зейнетке шығарсаңыздар жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс орны табылар еді.Құрметпен: 4 баланын анасы Мергенбаева Меруерт Толеубайқызы.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ