Ответ министра труда и социальной защиты населенияот 14 мая 2013 на вопрос от 14 марта 2013 №193287
Сәлеметсізбе Серік Сақбалдыұлы Менің сізге қояр сауалым зейнетақы туралы. Біздің қаракөз әйелдердің көбі ауылды жерде тұрады, тұрмыс тіршілігі оншада құптарлық жағдайда емес . Денсаулықтарын күнде күтіп, сапалы емханаларға барып қаралуға жағдайлары да көтермейді. Қалада тұратын әйелдермен салыстыруға болмайды. Елбасымыздың өзі айтқандай:- "Әжелер ұрпақ тәрбиесіне атсалысу керек",- деп, 63 жасқа дейін не жұмыс жоқ , не зейнетақы жоқ болса, қайдағы бала тәрбиесі. Шешім қабылдамас бұрын, шалғай ауылдарды, ел жұрттың тұрмыс тіршілігімен танысып қайтқаныңыз жөн болар еді. Қалаға күнделікті бір жапырақ нанын табу үшін қаншама қазақтарымыз қаңғырып жүр. Соларға қарап өз елімізде өгей баланың кейпін кешіп жүрген әйелдерге жығылғанға жұдырық деген осы. Алдымен еліміздің әлеуметтік жағдайы біршама көтеріліп, елді мекендерде медицина жағы лайықты да сапалы деңгейде болып, жас жеткіншек болашақ ана болатын қыздарымыз өз өмірлеріне ат салысса ғана, бір 10-15 жылдан кейін зейнетақы жасын ұзартуға болады. Жеті рет өлшеп бір рет кесіңіз министр мырза...!!!???
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ