Ответ министра труда и социальной защиты населения от 21 августа 2013 на вопрос от 18 марта 2013 №193901
Сәлеметсізбе?
2005 жылы 26 ақпанда Екпінді-Шолаққорған-Жуантөбе автожолында Шымкент мұнай құбыры басқармасының қызметкері МТҚҚ жинықтау жөніндегі инженері Модзгвришвили Дарико Алексеевна жазатайым оқиғаға ұшыраған. Апат автожолдың трассасында басқа автокөлікпен соғысып қалу салдарынан болған. Аппатта зардап шеккен адамдар Шолаққорған селосының аудандық ауруханасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілген. 2006 жылғы 26 сәуірде зардап шеккен Д.А. Модзгвришвилиге оқиға туралы акт жасалып, денсаулығына келтірген зияның орнын толтыру туралы өтініш берілген. Өтінішке мүгедек туралы анықтама мен еңбек ету қаблетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама ұсынған. Ол құжатта III топтағы мүгедектік белгіленіп, еңбек ету қаблетін жоғалту 55 % құраған. Айырылған табысты өтеуге жататын мөлшері мертігуден бұрынғы айлық орташа табыс процентпен белгіленетін есепке алып, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімі) 936-938 бабтарына сай 2006 жылдың 01 қаңтарында «Жазатайым оқиғамен байланысты еңбек ету қабілетінен айырылуды өтеу туралы» бұйрық шығарылып, зардап шеккен Д.А. Модзгвришвилиге ай сайын алған айлық орташа табысының 55 % мөлшерде төлем 2007 жылдың 01 шілдесіне дейін төленген. Сонымен қатар төлем қайталап берілген еңбек ету қаблетінен айырылу дәрежесі туралы мерзімді ұзарту жөнінде құжаттарға сәйкес жасалынып төленіп жатқан. ОҚО медециналық-әлеуметтік сараптамасының кәсіптік еңбекке қаблетіне айырлу дәрежесі туралы 2012 жылғы 28 маусымдағы №0008326 анықтамаға сәйкес қайта куәландыру шектеу мерзімінсіз ай сайын Д.А. Модзгвришвилиге орташа айлық жалақысының 55 % мөлшерінде өтемақы төлеуге 2012 жылы 25 шілдеде бұйрық шығарылып қазіргі таңға дейін төлем жасалып келе жатыр. Алайда зардап шегуші Д.А. Модзгвришвили 2013 жылдың 18 сәуірінде зейнетақы жасына толады, зейнетақы жасына толса зиян өтемі Д.А. Модзгвришвилиге Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әрі қарай шектеу мерзімсіз ай сайын төлем жүргізіледі ме немесе тоқтатыладыма? Рахмет
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ