Ответ министра труда и социальной защиты населения от 08 октября 2013 на вопрос от 10 апреля 2013 №197475
Құрметті Серік Абденов мырза!
Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан қаласының тұрғыны ретінде жалпы әйел адамзаты ретінде айтарым зейнетақы жасының ұзартылуына қарсымын.Өйткені менің бір ғана анам бар,биыл 56 жасқа толуын бір Алладан тілеймін.Тек өзімнің анама емес,зейнетақы жастары жақындаған барлық аналарға тілерім бір Алла жар болып,неше жылғы еңбектерінің зейнеттерін көруін бір Алла нәсіп етсін.Бәріміз де бір анадан дүниеге келдік.Әйелдердің зейнетақы жастарын ұзарту экономикалық жағынан тиімді болғанымен,адамдарға,оның ішінде әйел азаматтарына деген ҮЛКЕН ҚИЯНАТ!Сонда аналарға қайтарған жақысылықтарыңыз осы ма?Экономиканы көтеру үшін әйел жаны құрбан болу керек пе?55 жас аз болды ма?Қазіргі таңда осы жасқа да жетпей кеткендері қаншама,зейнетке жеткенімен,зейнеттерінің рахатын көре алмай өліп жатқандары қаншама.Министр болып біздей нәзік жандылардың сөзін сөйлеп,біздерге қорған болуыңызды өтінемін.Менің анамның өзі 55 қазірдің өзінде денсаулығы жарамай отыр.Әйтеуір бір Алланың арқасында бүгінгі күнге амандықта жетіп отырмыз.Анам мектепте мұғалім,еңбек өтілі 30 жылдан асады.Неше жылдан бері мемлекеттен ешқандай көмек алмай,жалғызбасты ана бола отырып мені ел қатарлы оқытып,бүгінгі күнге жеткізіп отыр
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ