Начинайте искать

Ответ министра труда и социальной защиты населения от 04 июля 2013 на вопрос от 16 апреля 2013 №198330

Саламатсыз ба Серік Әбденов мырза. ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылының Шөкеев көшесінің тұрғыны Талғарбаева Махаббаттан. Біз өз үйімізде қайын ағам Б. Избасаровпен бірге тұрамыз. Ол кісі мүгедек, көзі көрмейді, жеке басты жан. Мүгедектік жәрдемақы алады. Мен балаларыммен атаулы әлеуметтік көмек аламын. Менің осы көмектен алатын жәрдемақыма қайнағамның алатын мүгедектік жәрдемақысын қосып есептеп, балаларымның несібесін аз есептеп отыр. Қайнағамның жәрдемақысы өзінің дәрі-дәрмегінен артылмайды. Маған берілетін атаулы әлеуметтік көмек, маған және менің үш балама 3 айға жетпейді. Өзім жұмыссызбын, күйеуім сотталған. Балаларымды қалай асыраймын. Атаулы әлеуметтік көмектен алатын аз ғана жәрдемақымне көмірге, не киімге, не тамаққа, свет, су, газымызға төлегеніме жетпейді. Содан аш отырмыз. Сізден сұрарым менің жәрдемақыма, қайнағамнын мүгедектік жәрдемақысы қосылып есептелінеді ме? Сізден осы мәселені шешуіңізді сұраймын.


Категория: Письма МТСЗН РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ