Ответ министра труда и социальной защиты населения от 25 сентября 2013 на вопрос от 07 мая 2013 №201728
Біз осы арызымыз арқылы сізге мына төмендегі жайларды, яғни аудан көлемінде аудан тұрғындарымен жұмыс жасап жатқан мекеменің заңсыз әрекеттер мен қарпайым халыққа жасалып отырған қиянат пен қанаушылықтың бетімен кеткендігін білдіре келе, бұл әрекеттерге бұдан әрі жол бермей қарсы амал іздестіріп, қандайда бір шара көруіңізді сұраймыз!
Аудан азаматтарының ақ адал еңбек, маңдай терімен тапқан табыстарының әлдебір алааяқтар мен қулардың құлқынына кетпей, өз иелеріне табысталуына заң күшіне ие құзырлы органдар арқылы ықпал етуіңізді өтінеміз! Біздер Халықаралық автожолда осы жол құрылысы басталғаннан бері әр қайсымыз әр түрлі мамандықтарда жұмыс атқарып жүрген жұмысшылармыз. ДМСУ-22 АБ ЖШС-ның директоры Демеев А.С. деген азамат. Осы мекеме жұмыс бастаған 2010 жылдан бері қарай еңбеккерлердің еңбекақысын уақытылы төлемей, 3-4 ай кешіктіріп төлеуде, 2013 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларындағы жалақымызды берген жоқ, сондай-ақ өткен 2012 жылдың қараша, желтоқсан айларының жалақысын алмаған жұмысшылар бар.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ