Начинайте искать

Ответ министра труда и социальной защиты населения от 18 ноября 2013 на вопрос от 08 мая 2013 №201935

Министр мырза!

Сізге хат жазу себебім, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Оспанхан Әубәкіров атындағы орта мектепте болып жатқан келеңсіз оқиғаларды жеткізу. Мектеп директоры Тульбаева Лаззат Жораевна 2010 жылдың қыркүйек айынан басшы болып көрші мектептен келді. Жалпы –2006-шы жылы бір жыл директор болды да, арызбен жұмыстан кеткен. Үш жылдан соң қайта келді. Қазіргі кезде мектептен ақша жинау тоқтамай тұр. 2012 жылдың шілдесінен бері ақша тоқтаусыз жиналуда. Шілдеде КРУ-ге әкімшіліктен 17000 теңгеден, ал мұғалімдерден 7000 теңгеден ақша жинады. Биыл сол КРУ тағы келді, ақпан айында әкімшіліктен 10000 теңгеден, мұғалімдерден 7000 теңгеден, ал тех. Персоналдан 1000 теңгеден барлығы 400000-ға (төрт жүз мыңға ) жуық ақша жиналды. Бірақ екі тексерістің де анықтамасымен таныс емеспіз. Не тексерілді, қандай ескерту берілді, кімнен қате кетті белгісіз.Ескерту кімге берілді? Мұғалімдер завучтардан сұраймыз, бірақ завучтар ешнәрседен хабарсыз. Бұрынғы басшы бәрін айтып отыратын. Ақша мен тексерісті тек бізде директор өзі жүргізеді. КРУ-ге ставка қойылған ба? Бастығымыз ставка 300000 теңге деп жиналыс өткізді. Қинала қинала бердік.


Категория: Письма МТСЗН РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ