Ответ министра труда и социальной защиты населения от 22 июля 2013 на вопрос от 14 мая 2013 №202552
Құрметті, министр мырза!
Мен Байғондиева Алтыншаш Бижанқызы Жамбыл облысы әкімі аппаратында 1998 жылдың 24 наурызынан бастап мемлекеттік қызметшімін.
2012 жылдың 8 желтоқсаны күні зейнеткерлік жасқа толып, келісім -шарт негізінде 2013 жылдың 8 желтоқсанына дейін атқарып отырған облыс әкімінің бас инспекторы қызметінде қалып отырмын.
24.03.2012-24.03.2013 жылдар аралығындағы атқарған еңбек күндерім үшін 2013 жылдың 26 наурызынан бастап, 30 күнтізбелік күнге еңбек демалысында болдым, алайда маған ҚР "Мемлекеттік қызмет тіралы" Заңының 21 тармағына сәйкес төленуі тиіс екі айлық жалақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы (256 мың теңге) төленбеді. Бас есепшінің айтуынша 2003 жылы мен еңбек демалысында болмасам да маған сол жылдың қараша айында 53 мың теңге көлемінде екі айлық сауықтыру жәрдемақысын аударып жіберіпті. Жоғарыда көрсетілген Заңның және Еңбек кодексінің талаптарына сай сауықтыру жәрдемақысы еңбек демалысына шыққан кезде қызметкердің денсаулығын сауықтыру үшін төленуі тиіс болса, аппараттың бас есепшісі 2003 жылы қандай Заңға болмаса құқықтық актіге сүйеніп осы заңсыз іс әрекетті жасағанын білмеймін. 2003 жылы маған еңбек демалысына бармасам да сауықтыру жәрдемақысы төленсін деген облыс әкімінің болмаса аппарат басшысының құқықтық актісі қабылданған емес.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ