Ответ министра труда и социальной защиты населения от 22 июля 2013 на вопрос от 15 мая 2013 №202718
Сәлеметсіз бе!
Мен Аилбекова Нуржамал Идаетуллаевна Нуржамал ОҚО Түркістан қаласындағы жедел жәрдем беру станциясында жоғары дәрежелі фельдшер қызметін 1984 жылдың сәуір айының 24-жұлдызынан бері атқарып келемін. Мен 2006 жылдың сәуір айының 21-жұлдызы күні сменге түскенмін. Сол күні жедел жәрдем беру станциясына қоғырау бойынша шақыртуға бара жатқанда ЖЖС көлігі өндірістік апатқа ұшырап, ауыр дене жарақанын алып, соның салдарынан сол сәтте ауруханаға жеткізіліп, 2006 жылдың қараша айының 10-жұлдызына дейін ұзақ ем қабылдадым.
Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі мені 30.10.2006 жылы ІІІ топтағы мүгедекттік деп таныды. Міне осы сәттен бастап, маған жедел жәрдем беру станциясының бас дәрігері Ахметова Дана ханым, сіз мүгедектігіңіз үшін әлеуметтік ақы аласыз деп, маған өзіме толық 1 сағатымды бермей, 0,75 сағат беріп келеді. Мүгедектік тағайындалған соң еңбекақымнан табыс салығы ұсталмау керек, бірақ менен әлі күнге дейін неге табыс салығын ұстайды маған осы мәселелерді шешіп беруіңізді өтінемін. Сізден өтінерім бұл мәселені жергілікті органдарға тапсырмауыңызды өтінемін, себебі мен бұл мәселемен ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің Түркістан аймағы бойынша аудандық қаржы полиция басқармасына 2008 жылдың маусым айының 16 күні жазбаша жауапта ешқандай құқық бұзушылық жоқ деп тапты. Неге табыс салығын сол кезде шешпейді? Осыны шешеіп және табыс салығын қайтартып беруіңізді өтінемін.
Категория: Письма МТСЗН РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ