Начинайте искать

Ответ Министра труда и социальной защиты населения от 11 сентября 2013 на вопрос от 26 августа 2013 №218274

Саламатсыз ба, Мен вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Менің вахталық демалыс кезімде жұмыс беруші мені жұмысқа менің келісіміммен шақырады. Келісім беретін кезде заң талаптарына сәйкес демалыс күні жұмыс істеген сағаттарыма менің таңдауыммен ақы төлейді немесе демалыс сағаттарын береді. Менің демалыс күні жұмысқа тартылғаным үшін демалыс күнін беру мәселесінде сұрағым бар (төлем ақы бойынша сұрағым жоқ). ҚР Еңбек Кодексінің 97 бабының 3 тармағында, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 128-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді,-делінген. Яғни аталған заң нормасында демалыс кезінде демалыс күнгі жұмысқа қызметкерге басқа демалыс күні беріледі дегеніне қарамастан, жұмыс беруші бізге мұны сағат ретінде есептейді. Ал бұл есеп бойынша біз жұмыс күндерінде (11 сағат) 1 демалыс күнін алу үшін 2-3 күн өз демалыстарымызда 2-3, 4-5 сағаттардан жұмыс істеуіміз керек.


Категория: Письма МТСЗН РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ