Ответ Министра от 10 июля 2014 на вопрос от 26 июня 2014 №278841
Сәлеметсіз бе! Мен Сізге өзімнің айлық жалақымды ала-алмай жүргеніме және жұмыс беруші мекеменің "Еңбек Заңын" өрескел бұзып отырғандығы жөнінде 06.06.2014 жылы №ЖТ-С-2617 тіркеу нөмірімен арыз жазғанмын. Оны Сіз комитет төрағасы Сарбасовқа 20.06.2014 жылға дейін орындауға тапсырма бердіңіз. Ал Сарбасов мырза арызымды эксперт Каипбаеваға жолдады. Каипбаева ханым жергілікті жерде қарау үшін деп Алматы қаласы әкімшілігіне "заңның бұзылуын құжаттылық тексеру қажет" 10.06.2014 жылы Хат жолдады. 25 маусым 2014 жылы Алматы қаласы әкімшілігінен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлығына сәйкес мекемені тексере алмаймыз деген Хатын алдым. Мен өз құқығымды қорғауым үшін не істеуім қажет?
Категория: Письма Министра труда за 2014 г.
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ