Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 20 ноября 2012 года на вопрос от 08 ноября 2012 №173365
Біз Қызылорда облысы ТЖДОСж АҚЖҚ ММ №15 ӨСБ күзет бастығы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Жолдасбаев Ерлан Рақымжанұлы
ТЖДОСЖ АҚЖҚ ММ №7 бөлімше командирі өртке қарсы қызмет сержанты Төреханов Бауыржан Алиханұлы
ТЖД ОСЖ АҚЖҚ ММ №11 МӨСБ жүргізушісі өртке қарсы қызмет аға сержанты Көшенов Ертай
ТЖД ӨСЖ АҚЖҚ ММ №4 өрт сөндіру бөлімініің өрт сөндірушісіҰзақбаев Ербол
ТЖД ОСЖ АҚЖҚ ММ №4 өрт сөндіру бөлімінің жургізушісі өртке қарсы қызмет прапорщигі Сисенбаев Ерланнан
ТЖД ОСЖ АҚЖҚ ММ №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі аға сержант Үкібаев Серіктен
Біз 2012 жылғы кезектен тыс аттестациялау кезінде дене шынықтырудан және психологиядан емтиханды жақсы тапсырдық.3ші кезең ҚР Заңдарынан тест тапсыру кезінде Конституция заңын тапсырып келесізаңына көшкенде кейбіреулерімізге комиссия мүшесі келіп келесі заңға өзі өткізіп жатқанда, кейбіреуімізде өзіміз басқанда компьютер бағдарламасының істен шығуына байланысты ақау болып сөніп қалды.Сол кезде комиссия мүшелерікомпьютердің істен шығуына байланысты қайтадан тапсырасыңдар деп комиссия төрағасының атына баянат жаздырып алған. Алайда бізді қайта тапсыруға шақыртқан жоқ.2012 жылы 25 қазан күні собеседование болғанда біреулерімізге 3 сұрақ қойып, жауап берсек, кейбіреулерімізге сұрақ қойған жоқ.2012 жылдың 31 қазан күні жұмыстан босатылған жөнінде кадр бөлімінде естіп комиссия төреағасының шешімімен келіспейтінімізді жазбаша түрде жазып қолымызды қойып кеттік.Біз осы заңдардың барлығына дайын болып барғанбыз, компьютердің ақаулығынан компьютердің өшіп қалғанына біздің қандай кінәміз бар,неге біз заңсыз жұмыстан кетуіміз керек.Егер заңдарға сүйенсек сол тест тапсырған уақытында егер біз кінәлі болсақ неге комиссия мүшесі тест нәтижесін беріп, акт жазып бермей кейін тапсырасыңдар деп баянат жаздырып алдап шығарып салған. Сонда бұл жерде әділдік жоқ па?Бізге беріп жатқан жауаптары Астана осылай шешім қабылдады дейді, олардың сіздерге не деп айтып жатқанынан біздің еш хабарымыз жоқ.Осының әділ заңды шешілуіне сізден ғана үміт күтеміз. ҚР президентінің әкімшілігіне,генеральды прокуратураға ,басқа да министрліктерге шағымдансақ па деп жатырмыз.
Категория: Письма МЧС РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ