Начинайте искать

Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года на вопрос от 15 ноября 2012 №174557

Құрметті Владимир Карпович!

Мен, өртке қарсы қызмет капитаны Мухамединова Айтгүл Сарсенбекқызы Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне облыстық төтенше жағдайлар Департаментінен 2010 жылы ауысып келдім. Еңбек өтілім 2005жылдан бері. 2010 жылдың қараша айынан 2011 жылдың қараша айына дейін мемлекеттік құпияны қорғау бөлімінің бас маманы лауазымын атқардым.Мемлекеттік мекеменің құжаттаманы қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінде білікті мамандардың жетіспеуіне байланыстымекеме бастығының ұсынылуымен 2011 жылы қараша айында осы бөлімнің бас маманы болып ауыстырылдым. Міндетімді абыроймен атқардым, мекеме басшылары тарапынан ешқандай ескерту немесе сөгіс болған жоқ. Қазан айының басында Департамент бастығы полковник С. Хайрушев мырза «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің құжаттаманы қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінен бөлім бастығы өққ майоры Н. Москаленконы, бөлімнің аудармашысы өққ капитаны Г. Талжанованы және мені шақыртып, осы мекеменің кадр болімі қызметіне ауысуға ұсынысайтты. Біз келістік, себебі кадр бөлімінің қызметкерлері аттестацияны тапсырып өте алмады . Кейін С. Хайрушев мырзабізге аттесация тапсыруымызға болатынын айтты. Мен сол күннен бастап аттестацияға дайындалдым. Дәрігерлік байқаудан өттім.(ОВВК). Қазан айының 04-жұлдызында Заңнамалар бойынша тест тапсырдым. ҚР Конституция – 90% , ар-намыс кодексі бойынша – 100%, сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы заңы – 85%, құқық қорғау туралы заңы – 95%, Өрт қауіпсіздігі тураы заңы 95% және логикалық тесттен 70 % жақсы деген балл жинадым. 05.10.2012 жылы дене шынықтырудан жүгіруді тапсыратын едім,бірақ бөлім бастығы Н. Москаленко маған дене шынықтыруға жүгіруге бармай жұмысқа келу керектігін айтты, басқа ештене түсіндірген жоқ.


Категория: Письма МЧС РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ