Начинайте искать

Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 06 февраля 2012 года на вопрос от 29 января 2012 №121498

АРЫЗ

(«Фрак Джет» ЖШС-де өрт сөндіру талаптарының бұзылуы туралы) Мен, 2007 жылдан бері «Фрак Джет» ЖШС-де қызмет атқарып келемін. Осы уақытқа дейін жұмыс барысында кемшілік жіберіп немесе біреуге қиянат жасаған емеспін. 09.10.2011 жылы жұмыс орнымда төмендегідей оқыс оқиға орын алды, атап айтсақ, осы күні сағат 19:00 шамасында «Есжан» кең орнында орналасқан №7 ұңғымада Тұрсынов Руслан учаскі бастығының машинасымен келе жатқанымда, тежегішті оқыс басып қалғандықтан, басым алдыңғы терезеге соғысып есімнен танып қалдым. Есімнен танып қалғанда қанша уақыт жатқаным белгісіз. Тұрғаннан кейін бұрғылаушы Баймаханов Дастанға жуынуым үшін душқа су құйуын өтіндім. «Керек болса өзің өзіңе құйып ал» - деп ол дөрекі жуап берген. Осы кезде мен ауырып тұрғандықтан және жасым үлкен болған соң, оған оның жөн емес деп айтқан болатынмын, ол болса жаға ұстап, сол кезде мені шалып құлатып көзімнен ұрғылай бастады. Қолында не қару бар екені белгісіз көзімді ағызып жіберді. Сол уақытта Күзенбаев Болат №5 бригада шебері арашалап алған болатын. Маған, болған оқиғаға байланысты жұмыс орнының басшылары менімен жұмысы болмай алғашқы дәрігерлік көмек көрсетпей бір тәулік бойы «Есжан» кен орнында жатып қалдым. Алайда, осы жерде ескеретіні Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 317-бабының талабына сәйкес жұмыс беруші осы кезде болған оқиға туралы тез арада тексеру жұмыстарын бастап, маған жедел жәрдем шақырып тиісті медициналық көмектерді көрсетуге тиіс болатын.


Категория: Письма МЧС РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ