Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 февраля 2012 года на вопрос от 14 февраля 2012 №122383/1
Құрметті Министр мырза!
Республика төңірегінде ауа райының күрт суытуына байланысты, 2012 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанға қараған түні мен күнінде төмендегідей оқиға орын алды. Атырау облысының Мақат ауданына қарасты Доссор Байшонас кентінің арасындағы жол трассасында жеңіл және ауыр көліктер, жауған толассыз қар салдарынан тұрып қалды. Көлікте балалар мен үлкен адамдар болды. Олар сол түні жолда тұрып түнеп шықты. Ауа райы -22 градусқа дейін төмендеп, өткір желдің болуынан жолда тұрған адамдарды үсік шалды. Жергілікті мұнай барлау басқармасының тарапынан «ведущий агригат» көлігі жібергенмен, ол көліктің өзі қарға батып, түні бойы жолда тұрды. Оған да ешқандай көмек көрсетілмеді. Содан 1 ақпан күні түске қарай, «теганч» машинасы келіп, жолды қардан арши бастады. Алайда, сағат 13:00 – болса да әлі Байшонас кентіне адамдар оралған емес. Бұл жайттың орын алу себебі деп: жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бақылауынсыз дер кезінде жолдың қардан аршылмауы, аудандық төтенше жағдайларды реттеу мекемесінің сапалы және тез жұмыс істемеуінен деп түсініп отырмыз. Басқа облыстарға қарасақ, ауа райының өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жарияланып, жол көлік жүру трассаларында бекеттер қойылады, сақтану ережелері жарияланады. Осы болып жатқан оқиғаға қарап, Атырау облысы бойынша әкімият пен төтенше жағдайларды реттеу департаментінің жұмыстарына баға беруіңізді сұраймыз. Байшонас кентінің тұрғындары 1 ақпан 2012 жыл
Категория: Письма МЧС РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ