Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 05 марта 2012 года на вопрос от 27 февраля 2012 №126156/2
Ассаламағалейкум!
Менің сұрағым ҚР-ның мемелекеттік органдарының жұмысы жайлы. Жыл сайын жоспарлы түрде мұнай-газ мекемелерінде Техникалық реттеу мен метрология комитет департаменті тексеріс өткізеді, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағында. Олар обьектіде қолданып жүрген өлшеуіш құралдары ҚР МӨЖ Реестрінде болмаса, айып пұл салады. Біз өз жағымыздан Төтенше Жағдайлар Министрлігі берген ҚР-ның аумағында сол өлшеуіш құралдарды қолдануға болатындығын растайтын рұқсат қағазын көрсетеміз, бірақ Техникалық реттеу мен метрология комитет Департаменті бұл құжатты ескермейді және ҚР МӨЖ Реестріне еңгізуді талап етеді. Былай қарап отырсақ, бір министрлік қолдануға рұқсат берсе, басқасы ҚР МӨЖ Реестріне еңгізу қажет екендігін айтып отыр. Бұл деген мекемелердің бір жұмысты екі рет жасауы және қосымша шығыны болып табылады. Шетелдерде өнім шығарушы мекеменің пайдалануға берген рұқсат қағазы барлық тексеруші органдардың сұрақтарын туындатпайды және жарамды болып табылады. Менің ойымша, ҚР-нда орташа бизнесті дамыту және бұндай тосқауылдарды азайту үшін - мемлекет аумағында бір мемлекеттік орган ғана өлшеуіш құралдарын қолдануға рұқсат беруі қажет немесе ҚР МӨЖ Реестріне еңгізуі керек. Болмаса сол Техникалық реттеу мен метрология комитет Департаментін Төтенше Жағдайлар Министрлігі қарамағына ауыстыру қажет.
Рахмет
Категория: Письма МЧС РК
Документ платный
Цена: 50 Тенге
Открыть полный доступ