Начинайте искать

Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан на вопрос от 03 марта 2014 года №254412

Төлегенұлы Қалмағанбет ПОНЕДЕЛЬНИК, 03 МАРТА 2014 №254412

Автору блога: Божко В.К.

Категории: Регионы

 

Өзіңізге белгілі 2014 жылы Сырдария өзенінде судың көлемі өте көп болып отыр. Бұл мені қорқытып отыр. Себебі, өзім Қызылорда қаласы, СПМК-70, "Болашақ ББС-гі 6 үйде (жер үйде, "Сыр Ана ескерткішінің артқы жағында) тұрамын. Мен тұрып жатқан ауданда 15 шақты жер үйлер салынған. Бұл тұрғын үйлер Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Үйлер орналасқан Сырдария өзенінің жағасында мүлдем қорғаныс дамбалары жоқ десе де болады. Күнделікті өзеннің жағасына барып көріп тұрамын. Кеше барып көргенімде өзен суы қорғаныс дамбасынан асып кетуге бар болғаны 1 метр қалған. Бір, екі күнде дария суы 1 метрге көтерілсе осы ауданда орналасқан барлық тұрғын үйлер судың астында қалады. Бұл өз кезегінде барлығымыздың өмірімізге қауіп төндіріп отыр. Өткен аптада Жаңақорған кентінің 4-5 көшесін су алып кетті деп теледидардан көрген болатынбыз. Егерде екінші Жаңақорған қайталанбасын десеңіз бізге көмек беруіңізді сұраймын. Осыған орай біздің тұрғын үйлер орналасқан ауданның қорғаныс дамбаларын күшейтіп, арнайы техникалармен бекітіп беруіңізді сұраймын. Біздің жан айқайымызды естиді деген пікірдеміз. Қызылорда қаласы, СПМК-70, "Болашақ ББС-гі 6 үй тұрғыны, Еңбек ардагері, Төлегенұлы Қалмағанбет Тел: 8 777 4991292 8 777 9598785 03.03.2014 жыл

Категория: Письма МЧС РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ