Начинайте искать

Ответ Министра по Чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан на вопрос от 23 апреля 2014 года №265682

Есентай СРЕДА, 23 АПРЕЛЯ 2014 №265682

Автору блога: Божко В.К.

Категории: Свободная тема

 

Мен Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округының, Байжансай ауылының тұрғынымын арыз беру себебім төмендегіше: 2012жылы тозығы жеткен Боралдай өзенінен өтетін, ауылға кіріп-шығатын қажетті жалғыз жолдың көпірі жаңадан салынған болатын. Көпірді салу барысында сапасына онша көңіліміз толмады, себебі көпір үстіне бетон плиталар төселіп қойыла салынды. Осы жағдайды айтқан ескерту сындарымыз ескерусіз қалдырылды. Күдігіміз негізді болып шықты, 2014жылы наурыз айында жауын-шашым көп болып, су тасқыны болды, сол тасқынға жаңа салынған көпір (арада 2 жыл өтпестен) шыдамай қирап қалды. Көпір салынғанда бөлінген қаражат сомасы 51 миллион тенге екен, көпірге мұндай сома жұмсалды деп айтуға аузың бармайды, салынған көпірдің сапасы өте нашар және жауапкерсіздік танытып салынған. Құрылыс сапасын қарап бақылап, қадағалайтын және қабылдап алған жауапты азаматтар қайда не қарағаны белгісіз. Ауылға баратын –шығатын , қатынайтын жалғыз жол осы ғана. Қазіргі таңда ауылға кіргендер шыға алмай, ал шыққандар қайта үйлеріне жете алмауда. Азық-түлік қорлары таусылып, тұрғындар не істерлерін білместен үрейленіп отыр. Және бір үлкен мәселе, біздің ауыл маңында бұрынғы кеңес кезінде қорғасын өндіретін үлкен кен болған, өндірістің зиянды қалдықтары (реегент хим. қоспасы бар) сақталатын су жиналатын бірнеше қоймалар бар. Осы адам өміріне зиян келтіретін қауіпті қоймалар қорғалмай, қараусыз жатыр. Бақылау жүргізбей қауіпсіздік шаралары қолға алынбағандықтан, зиянды қалдықтар сақталған су платинасы әбден тозығы жетіп апатты жағдайда тұр. Бұл жағдайды тиісті орындарға ауыл, аудан әкімшіліктеріне және аудандық Төтенше жағдайлар органдарына айтқан бірнеше шағымдарымыздан нәтиже шықпады. Биыл 2014жылы наурыз айында болған су тасқыны кезінде , аталған зиянды қалдықтар сақталған қойманың бірі бұзылып, ағып кетті. Зиянды қалдықтар Боралдай өзеніне ағып құйылуда, ауыл тұрғындарының денсаулығына өміріне қауіп төніп тұр. Ал мал-мүлкіне зиян келтірілді (бірнеше бас ірі қара және ұсақ малдар шығыны бар). Балықтар қырылуда. Шығындарды кім және қалай өтейді? Жедел түрде іс-шаралар жасалып қолға алынбаса үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін! Тек Байжансай ауылына ғана емес Жарықбас, Глинка, Ошақты,Кеңес, шалдар, Қызылкөпір т.б. елді-мекендерге Бөген су қоймасына дейін орны толмас зиян келтірілетін, үлкен қауіп төніп тұр. Қазіргі таңда зиянды, қауіпті қалдықтар Бөген су қоймасына жетіп қалды. Жауын-шашын болған сайын қоймалардың жағдайы нашарлап кетті, қойманың ернеуі нығайтылып басқада тиісті апаттың алдын алу шаралары жасалып жатқан жоқ...................

Категория: Письма МЧС РК

Документ платный

Цена: 50 Тенге

Открыть полный доступ